Студенттер үшін баға жетпес құнды сыйлық

2022 ж. 2 қар., ср, 07:28

2022 жылғы 2 қарашада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, Астана Халықаралық университеті Заң жоғары мектебінің профессоры Борчашвили Исидор Шамилович «Құқық» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттеріне тосыннан жомарт сыйлық жасады. Автор «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірме» атты 3 томдық іргелі еңбегінің 30 жинақтамасын дәріс басталар алдында студенттерге ешбір ақысыз сыйға тартты.

Астана Халықаралық университетінің президенті Серик Азтайұлы Ирсалиев профессор И.Ш. Борчашвилиге құны шамамен 1,5 млн. теңгені құрайтын осындай құнды сыйлық жасағаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ бұл іргелі жұмыс студенттерге «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы» пәнін толық меңгеруге және заң саласында жоғары білікті мамандар болып қалыптасуға орасан үлесін қосарына үмітін білдірді.

Ғылыми еңбекті салтанатты түрде табыстауға Астана Халықаралық университеті Заң жоғары мектебінің деканы, PhD докторы Н.И. Хайрмуханмедов қатысты, ол авторға алғысын білдіріп, студенттерді Қылмыстық құқық саласындағы еліміздегі ең үздік академиялық еңбектің иегері болуларымен құттықтады.

Ғылыми жұмыс авторларының студенттерге өз еңбектерін өтеусіз беру жөніндегі осындай акциялар Астана Халықаралық университетінде жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз.



1991