Докторлық (PhD) диссертацияны сәтті қорғаумен құттықтаймыз!

2024 ж. 29 мау., сб, 08:00

Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің докторанты Ахаева Жанар Берікбайқызы «Смарт қалалардың үлкен деректерімен жұмыс істеуге арналған ақпараттық жүйе» тақырыбында «8D06102 – IT менеджмент»білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғаудан сәтті өтті. 

Қорғау 2024 жылғы 28 маусымда Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D06102 - IT менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша «8D061-Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтті. 

Ахаева Жанарды жетістіктерімен құттықтаймыз және оған ғылыми және кәсіби қызметінде табыс тілейміз.


620