2022 жылғы 27 қазанда Астана Халықаралық университетінің ғимаратында заң ғылымдарының докторы, Заң жоғары мектебінің профессоры Амандықова Сәуле Қошкенқызын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Профессор С. К. Амандыкова Республикалық нотариалдық палатаның 25 жылдығына арналған медальмен және «Нотариат саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Медаль мен төсбелгіні Астана халықаралық университетінің президенті Ирсалиев Серик Азтайұлы салтанатты түрде табыс етті. С. Ирсалиев профессор С.К. Амандықованың ғылым саласындағы табысты қызметін жоғары бағалап, Қазақстан Республикасының заң қауымдастығы тарапынан мойындалған атап өтті.
Сонымен қатар, салтанатты іс-шараны өткізу барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Заң жоғары мектебінің профессоры Борчашвили Исидор Шамилович құттықтау сөз сөйледі.
Марапаттау рәсіміне университет басшылары, декандар Заң жоғары мектебінің профессорлық-оқытушы құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты. Қатысушылардың баршасы Сауле Кошкенқызын құттықтап, алғыс сөздерін білдірді.