2024
жылғы 18-22 маусым аралығында Астана халықаралық университетінің
профессор-оқытушылар құрамы Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
ұйымдастырған «Сапалы зерттеу әдістеріне кіріспе» тақырыбында біліктілікті
арттыру курсынан өтті. Аталған курс сапалы зерттеулер жүргізуде өз білімдері
мен дағдыларын тереңдетуге ұмтылатын әлеуметтік ғылымдар мен білім беру
саласындағы оқытушылар үшін арнайы әзірленген болатын.
Біліктілік курсының мақсаты - жоғары оқу орындарының
жүйелі трансформациясына үлес қосу. Бұл трансформация басқарудың жаңа моделіне
көшуді, топ-менеджерлердің көшбасшылық және кәсіби дағдыларын дамытуды,
сондай-ақ білім беру саласындағы өзгерістердің күрделі процестерін басқаруды
қамтиды.
Тыңдаушыларға
теориялық білім алуға ғана емес, оларды практикада қолдануға мүмкіндік беретін
практикалық сабақтарға ерекше назар аударылды. «Сапалы зерттеу әдістеріне
кіріспе» курсы профессор-оқытушылар құрамы
үшін кәсіби дамудың маңызды кезеңі болумен қатар, сапалы зерттеулер жүргізу үшін қажетті, құнды
дағдылар мен білім алуға көмектесті.
Курс
бағдарламасы аясында сапалы зерттеу
дизайны, әдебиеттерге шолу, деректерді жинау және талдау, сондай-ақ зерттеу
этикасының негіздері, оның зерттеу
сапасы мен зерттеу тұтастығы үшін маңыздылығы сияқты келелі мәселелер
қарастырылды. Сапалы зерттеу әдістеріне
терең бойлау үшін практикалық сабақтарға ерекше назар аударылды.
Курс
барысында Астана халықаралық университетінің жетекші оқытушылары «Academic
Writing: Challenges and Perspectives of Low-performing Students at EMI
Universities: A Case Study» атты тақырыптағы жобаны тыңдаушыларға ұсынды.
Жоба
академиялық жазуды және ағылшын тілінде оқытатын университеттердегі үлгерімі
төмен студенттерде кездесетін қиындықтарды зерттеуге арналған. Зерттеуде біз
негізгі мәселелерді анықтауды ғана емес,
оларды шешудің тиімді жолдарын да
қарастырамыз.
Әріптестер
тақырыптың маңыздылығын және ұсынылған деректердің практикалық құндылығын
ерекше атап өтті. Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері білім беру тәжірибесін
дамытуға ықпал етеді және студенттерге ағылшын тілінде оқытатын
университеттердің академиялық талаптарына сәтті бейімделуге көмектеседі деп
үміттенеміз.
Астана
халықаралық университетінің жас ғалымдарына: кафедра меңгерушісі, аға оқытушы
Амангельды Казизов, аға оқытушы Алия Асылбекова, аға оқытушы Гульнур Кантаева,
оқытушы Динара Қахарман, аға оқытушы Айман Алиева, аға оқытушы Гульнар Казиева,
оқытушы Камила Рахматулина, оқытушы Малика Имангалиева, аға оқытушы Жанна
Сагитова, аға оқытушы Гульнара Ахметова, аға оқытушы Алия Акимханова, оқытушы
Ақтипан Толстой, оқытушы Мадина Ныгметова және аға оқытушы Айгерим
Кажигалиеваға ерекше алғысымызды білдіреміз.
Астана
халықаралық университетінің президенті Серик Ирсалиев университет
профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін арттыруға үнемі қолдау
көрсетеді. Биылғы жылы AIU оқытушылары Дүниежүзілік банк жобасының шеңберінде
«Білім беру бағдарламаларын жаңғырту», «CLIL/STEAM оқыту әдістемесі», «Білім
берудегі көшбасшылық» атты
GSENU
үш бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.