«Ақпараттық қауіпсіздік IOT» тақырыбы бойынша дәріс

2022 ж. 27 қаз., бс, 14:31

27.10.2022 ж. академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Ресей Ғылым Академиясының Санкт-Петербург Федералды зерттеу орталығы» федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің компьютерлік қауіпсіздік мәселелері зертханасының аға ғылыми қызметкері Василий Алексеевич Десницкий Ақпараттық технологиялар және инженерия Жоғары Мектебінің студенттеріне арналған «IoT Ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс аясында IoT (Internet of things) ұғымы, IoT арасындағы кибершабуылдардың пайда болу кезеңдері, қауіпсіздік шаралары мен бағдарламалар сияқты мәселелер қаралды.  Дәріс студенттерді пікірталасқа тарта отырып, қызу әрі қызықты өтті. Аудиторияның сұрақтарына жауаптар алынды. Дәріс барысында айтылған ақпарат «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін өте пайдалы болды.  Студенттер лекторға онымен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болғаны үшін алғыс білдірді. 


2120