«6В01502 - Биология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерінің оқу-далалық іс-тәжірибесі

2024 ж. 17 мау., дс, 05:00

Оқу-далалық тәжірибе терең теориялық білімді, тәжірибелік дағдыларды дамытатын биология мұғалімдерін даярлауда маңызды тәжірибелердің бірі болып табылады. Оқу-далалық тәжірибе өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, омыртқасыздар зоологиясы бойынша теориялық және тәжірибелік курстың аяқталуы. Бұл студенттерге қоршаған орта мен организмдердің бірлігі принципін нақты түсінуге, белгілі бір экологиялық жағдайда өсімдіктердің бейімделу ерекшеліктерін білуге мүмкіндік береді.

          1 курс студенттерінің оқу-далалық тәжірибесі «Астана халықаралық университетінің кәсіптік іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы ережелеріне»,  академиялық күнтізбесіне сәйкес 20.05.2024 ж. - 08.06.2024 ж.  аралығында Астана қаласының айналасында,  Кіші Талдыкөл көлінің маңында, Астана қаласының Ботаникалық бағында, ірі қалалық саябақтарда өтті.

          Оқу-далалық практика барысында студенттер өсімдіктерді гербаризациялаудың әртүрлі әдістерін, өсімдіктерді кептірудің тиімді тәсілдерін, жәндіктерді жинау әдістерін меңгеріп,  өсімдіктерді анықтаудың классикалық әдістерін, сондай-ақ онлайн қосымшаларды, заманауи геоботаникалық әдістерді қолданды.


1252