Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің студенті Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаты атанды.

2022 ж. 26 қаз., ср, 11:39

Нұрсұлтан Назарбаев қоры стипендиялық бағдарламасының мақсаты – белсенді дарынды жастарды анықтау және студенттердің білім беру, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық пайдалы қызметін ынталандыру.  Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиясының иегері болу үшін тек жоғары оқу үлгерімінің болуы жеткіліксіз. Жастардың таланты мен әлеуетін ашуға бағытталған жобалар мен бағдарламаларға қатысып, жеңіске жету маңызды.  Cтипендияға тегін әрі ақылы негізде оқитын студенттер үміткер бола алады.  Биылғы жылы Нұрсұлтан Назарбаев қорының Республикалық конкурсына сәуір мен маусым айларының аралығында 300 үміткерлерден өтініш қабылданды. Олардың ішінен 80 студент іріктелді, оның біреуі - Бақытнұр Шуақ, университетіміздің «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.

Стипендияға сертификаттарды табыстау салтанаты 2022 жылдың 26 қазанында Алматы қаласында өткен "ЖасSTAR" халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің бағдарламасы аясында өтті.

Бақытнұр Шуақты жеңісімен құттықтай отырып, оқуда және кәсіби салада биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспіз. 


1964