Каид-и-Азам университетінің профессоры Шуджаул Мулк Хан ЖҒЖМ студенттері мен магистранттарына «Биогеография» пәні бойынша лекциялар оқыды

2024 ж. 4 мау., сс, 14:18

2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде Пәкістан ғылым академиясының мүшесі, Каид-и-Азам университетінің профессоры Шуджаул Мулк Хан жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «6В05101 Биология» БББ 2 және 3 курс студенттеріне, сондай-ақ «7М05201 Экология және қоршаған ортаны басқару» БББ магистранттарына биогеография пәнінен дәрістер оқыды.

Курста биологиялық түрлердің жер шарының әртүрлі аймақтарында таралуы, климаттық және географиялық факторлардың биоәртүрлілікке әсері, сонымен қатар биогеографиядағы заманауи зерттеу әдістері қарастырылды. Профессор Хан соңғы ғылыми жетістіктермен және өз зерттеулерімен бөлісті, бұл студенттердің білімін тереңдетуге және олардың ғылыми зерттеулерге деген қызығушылықтарын оятуға септігін тигізгені сөзсіз.


1861