2024 жылдың 21 мамырында Халықаралық педагог-суретшілер одағының қолдауымен ұйымдастырылған "Өнер диалогы" халықаралық жобасы аясында "Мұражайлар мен көркемдік қауымдастықтар: өзара іс-қимыл және интеграция тәжірибесі" тақырыбында коллоквиум өтті. Жобаны "Тұңғыш Президент мұражайы" корпоративтік қоры, "Невская палитра" кәсіпорны, Астана қаласындағы Орыс үйі, Астана қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі (ЮНЕСКО клубы), Қазақ ұлттық өнер университеті және Астана Халықаралық университетінің Өнер және дизайн жоғары мектебі бірлесіп ұйымдастырды.
Коллоквиумға қатысқан спикерлер халықаралық коммуникация мүмкіндіктері мен көркемдік білім беру саласындағы ынтымақтастық технологияларын, халықаралық суретшілер-педагогтар Одағының конкурстық-көрме қызметінің әртүрлі аспектілерін талқылады. AIU Өнер және дизайн жоғары мектебін өнертанушы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Н. Поваляшко "Өзекті музей практикасы және мәдени медиация" тақырыбында баяндама жасады.
Коллоквиум жұмысы халықаралық суретшілер одағына жаңа мүшелерді қабылдаумен аяқталды. Осы мәртебелі ұйымның куәліктерін Өнер және дизайн жоғары мектебі деканының орынбасары Дауменова Элла Талғатқызы, аға оқытушылар Мұхамедиева Самал Қоңыртайқызы және Шаймерден Сырым Сәкенұлы, доцент Поваляшко Галина Николаевна алды.