2024 жылдың сәуір-мамыр айында Экономика жоғары мектебінің оқытушылар құрамы Астана қаласының 23 мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында мектеп оқушыларына университет, білім беру бағдарламалары, білім беру гранттары, жатақхана беру, оқуға жеңілдіктер, оқу құны, қос дипломдық бағдарламалардың болуы және серіктес университеттердегі (Қытай, Еуропа елдері, Ресей және т.б.) академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы айтып берді.
Мектептерде университет туралы презентациялар мен бейнероликтер көрсетіліп, буклеттер таратылды. Оқытушылар мектеп түлектеріне және олардың ата-аналарының сұрақтарына жауап берді. 2024 жылғы мектеп түлектерін Астана халықаралық университетінде күтеміз.