Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебі, «Менеджмент» кафедрасы 2024 жылдың наурыз айында «Орнықты дамудың ұлттық модельдері» тақырыбында студенттер мен магистранттар үшін VII Халықаралық сырттай олимпиада өткізді.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді: I кезең. Кейсті шешу. II кезең. Эссе дайындау. Олимпиадаға қатысу үшін барлығы 17 өтінім берілді. Қазақстан Республикасының 14 жоғары оқу орны және ТМД елдерінің 4 жоғары оқу орны қатысты.
Олимпиада нәтижелері бойынша конкурстық комиссия "Triple A" командасының қатысушыларын - «Менеджмент» ББ 2 курс студенттері Жасағанберген Алиша Серікқызын, Оразова Аружан Сержанқызын және Жұманова Аружан Амангелдікызын III дәрежелі дипломмен марапаттауға ұсынды, ғылыми жетекшісі э.ғ. к., ЭЖМ доценті Қадырова Г. Ә.