Тұрақты даму мақсатындағы серіктестік!

2024 ж. 27 мам., дс, 10:03

2024 жылдың 23 мамырында жаратылыстаны ғылымдары жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Астана халықаралық университетінің президенті Ирсалиев Серік Азтайұлы мен «Тұрақты даму» Жер қорының басшысы Алан Бесеннің кездесуі өтті.   Алан Бесен қордың басым бағыттарының бірі қоршаған ортаға қамқорлық жасау және қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру екенін айтты. 

Кездесуде декарбонизация саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастық, студенттердің жергілікті аумақтарды дамыту және көгалдандыру шараларына қатысу мәселелері талқыланды. Тараптар университет студенттерінің Халықаралық орман еріктілер мектебіне қатысуы және оқытушылар құрамының ағымдағы жылдың маусым айында Павлодар қаласында өткен көміртегі бейтараптығы тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысуы туралы келісті.  

Кездесу соңында тараптар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Серік Азтайұлы Қазақстанның ҮЕҰ -мен өзара іс-қимыл мәселелері университет стратегиясында ерекше орын алатынын және университеттер, өндіріс секторы, ҮЕҰ арасындағы үйлестірілген және тығыз өзара әрекеттесу арқылы ғана тұрақты даму мақсаттарында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге болатынын атап өтті.


1294