Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Биология» мамандығының 2-3 курс студенттері қауымдастырылған профессор м.а. М.Ж.Жұмағұл жетекшілігімен «ГМА адам денсаулығына зиянды ма, әлде әлемдік азық-түлік мәселесінің шешімі ме?» тақырыбында пікірталас өткізді.
Генетикалық түрлендірілген организмдер – ХХ ғасырдағы биотехнологияның басты жетістігі. Халық арасында «ГМА» деп аталатын бұл өнім гендік инженерия арқылы жасалған жасанды генотип болып табылады.
«Үкімет» тобы ГМА табиғаттың миллиондаған жылдар бойы жасаған биоценоздардың жойылуына әкеліп соғатынын және адамдарға немесе олардың ұрпақтарына әсер ететінін дәлелдеді. Ал, «Оппонентер» тобы адамның дені сау, белсенді болуы үшін тағамның өте құнарлы әрі сапалы болуы керектігін дәлелдеп, салауатты жағына тоқталды.
Пікірталас барысында тыңдаушылар жаңа деректермен және ақпараттармен танысып, осы тақырып бойынша білімдерін кеңейтіп, тереңдете түсті. Пікірталастың жеңімпазы болып тамаша дайындық пен нанымды дәлелдер көрсеткен «Үкімет» тобы атанды.