«AIU-2024: БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ СИНЕРГИЯСЫ: ИДЕЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ «ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨКЖИЕК: ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2024 ж. 2 мам., бс, 05:48

2024 жылдың 24 сәуірінде Экономика жоғары мектебінің «Экономикалық көкжиек: қазіргі және болашаққа көзқарас» секциялық отырысы өтті. Секцияға барлығы 59 ғылыми мақала жіберілді, 9 спикер қатысты: 8 офлайн және 1 онлайн. Секцияның басында серіктестер құттықтаулармен сөз сөйледі: экономика ғылымдарының докторы, профессор, Томск мемлекеттік университетінің (РФ) Экономика және менеджмент институтының директоры Е.В. Нехода және экономика ғылымдарының докторы, профессор, Томск мемлекеттік университетінің ұйымдастырушылық мінез-құлық және персоналды басқару кафедрасының меңгерушісі О.П. Недоспасова (РФ). Конференция барысында қатысушылар келесі тақырыптарды қарастырды: менеджменттегі IT-технологиялар, цифрлық экономика, дағдарыстық жағдайлар кезінде маркетингтік технологиялардың бизнеске әсері, бизнеске арналған әмбебап декларацияны енгізу, инновациялар арқылы кәсіпкерлікті дамыту үлгісі, сандық валюта және т.б. Секция жұмысының нәтижелері бойынша басқарма мүшелері бірауыздан марапаттау туралы шешім қабылдады:

1 дәрежелі диплом – Ержан А.Н.

2 дәрежелі дипломдар - Елеуова А.Т. және Қабышева Д.Е.

3 дәрежелі дипломдар - Фазилов Б.Б., Нұртазина Л.Қ. және Данилова И.В.

Сондай-ақ ғылыми баяндамасы үшін «Зерттеудің өзектілігі мен жаңалығы» номинациясын магистрант Казаку П.И. алды.

Барлық үміткерлер мен конференция қатысушыларына электронды сертификаттар жіберілді.



1185