Ағымдағы жылдың наурызынан еліміздің бірнеше облысында орын
алған табиғи апат қазақстандықтардың бірлігін нығайтып, халқымыздың татулығын
арттыра түсті. Осындай қиын-қыстау заманда Отанымыздың түкпір-түкпірінен
созылған көмек қолына Astana International University-дің студенттері де
қосылып, бірқатар қайырымдылық шараларын өткізген еді.
Соның ішінде: Пединститут студенттерінің Қайырымдылық
жәрмеңкесі; “Үміт шырағы” ұйымының қаржылай қор ашуы; “Шаңырақ” Поэзия клубының
қоры және тағы басқа шаралар біздің AIU студенттерінің аса жоғары адами
құндылықтары мен ізгі ниеттерінің айнасы десек болады.
“Үміт шырағы” ұйымы университет студенттері атынан бірнеше
жыл қатарынан түрлі қайырымдылық жұмыстарымен айналысып келеді, ал “Шаңырақ”
поэзия клубы шығармашылықпен қатар осындай ізгі істерде де көрініп жүр.
Сондықтан, осы жолы да аталмыш ұйымдардың ашқан қоры студенттердің сеніміне ие
болды.
Ал Педагогикалық институт ұйымдастыруымен өткен Қайырымдылық
жәрмеңкесінде студенттер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, тағамдарын AIU
ішінде сатып, түскен қаржыны апат салдарынан зардап шеккен отбасыларға аударды.
Осы орайда, су тасқынынан залал көрген қазақстандықтарға қоз
созған Astana International University-дің әрбір студентіне алғыс білдіреміз.
Біз сіздермен мақтанамыз және сіздердей студенттер барда, университеттің де, еліміздің де болашағы зор
екеніне сеніміміз мол.