«Тұран-Астана» университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Құқық» мамандығы бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға Қазақстанның 24 жоғары оқу орны қатысты. Олимпиада екі турдан: бірінші тур — азаматтық және қылмыстық құқық бойынша тест тапсырмалары, екінші тур — азаматтық және қылмыстық процестер бойынша ситуациялық кейстерді шешуден тұрды.
Олимпиадаға қатысқан 96 студенттің арасынан 12 студент екінші турға өтті. Astana International University Құқық жоғары мектебінің 4 студенті де 2-ші турға өтті.
2-ші турда әр қатысушының жұмысы жеке бағаланды. Ең көп ұпай жинаған 6 студент жүлделі орындарға ие болды.
II дәрежелі дипломдармен Astana International University Құқық жоғары мектебінің 3 курс студенттері Москаль Сергей және Даниярқызы Қарлығаш марапатталды.
Командалық есепте AIU Құқық жоғары мектебінің студенттері 1 орынды иеленді.
Олимпиадаға студенттерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Борчишвили И.Ш., заң ғылымдарының докторы, профессор Аленов М.А., заң ғылымдарының кандидаты, профессор Жасқайрат М., аға оқытушылар Сейлханов Ж.Д., Абугалиева Ф.М. дайындады.
Құқық жоғары мектебі Республикалық олимпиадаға қатысушыларды толағай табыстарымен шын жүректен құттықтайды және жаңа жеңістер тілейді!