2024 жылдың 2 наурызында Астана халықаралық университетінің Педагогикалық институты KING Chess Academy-мен бірлесіп Астана қаласының мектептерінің оқушылары арасында шахматтан қалалық турнир өткізді.
Турнирге Астана қаласының №2, №5, №32, Сырбай Мәуленов атындағы №37, Ақселев Сейдімбек атындағы №54, Кәрім Мыңбаев атындағы №59, №71, №77, №91, №91 Бахрейн атындағы мектеп, Ақжан Әл-Машани атындағы №92, No95, А.Байтұрсынов атындағы Бином мектебі, Қаныш Сәтбаев атындағы Бином мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы Бином мектебі, Астана қаласындағы НЗМ, BIL, Intellectual Generation School, Riviera international school, Flagman мектебі, №81 "Astana English School" мектептерінен барлығы 36 оқушы қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылуында АIU-нің дарынды студенттері концерттік бағдарлама көрсетті, сонымен қатар оқытушылар қатысушы мектеп оқушыларымен университет туралы көптеген пайдалы ақпараттармен бөлісті. Ұлттық төрешілерден, KING шахмат академиясының төрешілері – Руслан Мерей Русланұлы, Исина Асылжан Абылайқызы және Ибрагимов Мади Қдырбайұлы қатысты. Турнир RAPID форматында 9 турдан тұрды.
Турнир нәтижесінде:
- 1 орын дипломын А.Байтұрсынов атындағы Бином мектебінің оқушысы – Жұмабеков Шахмардан Сержанұлы;
- 2 орын дипломын - А.Байтұрсынов атындағы Бином мектебінен - Жасан Мирас Рахымбекұлы;
- 3 орын дипломын №32 мектеп-гимназиясының оқушысы – Хансуар Асқар алды.
Сонымен қатар №77 мектеп-лицейінің оқушысы Сағындық Дана қыздар арасында бірінші орын дипломына ие болды.
Турнир соңында жеңімпаздар MARWIN желісінің ақшалай сертификаттарымен марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.
Құттықтаймыз!