СТУДЕНТТЕРДІҢ СТЕЙКХОЛДЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУІ

2024 ж. 11 сәу., бс, 10:43

Астана Халықаралық университеті педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» БББ бағытындағы білім алушы студенттер жұмыс беруші КР ПШБ МО «Қарлығаш»  балабақшасы» ШЖҚ РМК меңгерушісі Раушан Тоқтаровна  Қожахметованың «Мектепке  дейінгі білім  берудің жаңа сапасы (ЭКЕРС-3 ресуртары)» тақырыбындағы   дәрісін тыңдады. Кездесу барысында балабақша тыныс-тіршілігімен, қазіргі жаңашалану жолдарының іске асырылып жатқан үдерістерімен жан-жақты танысты.

Студенттер де алғыстарын айтып, өлең оқып, домбырамен күй тартып, өз өнерлерін көрсете білді.



291