13 наурызда жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің студенттері үшін Қазақстандағы скауттық қозғалыс ұйымының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Скауттар өздерінің қызметі, табиғатта демалысты ұйымдастыру дағдыларын үйрету, сондай-ақ жазғы лагерьлерде тәлімгер болып жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Кездесу барысында студенттер Қазақстан скауттарының қызметіне үлкен қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойды. Скауттар қозғалысына қатысу студенттерге топтық жұмыс, көшбасшылық және іс-шараларды ұйымдастыру дағдыларын дамытуға бірегей мүмкіндіктер ашады. Бұл сондай-ақ белсенді жаз өткізудің, оны жарқын әсерлермен толтырудың және болашақта пайдалы болатын жаңа дағдыларды алудың тамаша тәсілі!