«Mentor me» - бұл студенттердің өзара тәлімгерлік семинары. Бұл жолғы ментор «Биология» мамандығының 1 курс студенті Берекет Бармаков болды. Семинарда Берекет мобилографияның негіздері, мобилографияға қалай келгендігі және бұл саланың даму болашағы туралы әңгімеледі. Ментор кездейсоқ сандар әдісін қолдана отырып, мобилографияның қыр-сырын толық оқыту үшін бір студентті - «Экология» мамандығының 1 курс студенті Мейржан Сайранов таңдады. Барлық студенттерге өздерінің әлеуметтік аккаунттарын дамытуға кеңес берілді.