М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті доцентінің қонақ дәрісі

2024 ж. 11 нау., дс, 10:03

2024 жылдың 29 ақпанында Астана Халықаралық университетінің  6В01501 – «Информатика», 7М01501 – Информатика білім беру бағдарламасының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің  доценті, п.ғ.к.                 А.Б. Медешова дәріс оқыды.

Доцент А.Б.Медешованың қонақ дәрісі аясында білім беруді цифрландыру, жасанды интеллектті пайдалану мәселелері қарастырылып, «Кәсіптік білім беруді цифрландыру жағдайында part-time оқыту» тақырыбындағы жобаның нәтижелері көрсетілді. Дәріскер edtime.kz платформасының жұмысын көрсетіп, оған қосылу, қызмет көрсету және платформада жұмыс істеу мәселелерін талқылады.


438