ОҢТҮСТІК АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ

2024 ж. 18 қаң., бс, 09:01

"Астана" Халықаралық университетіне Оңтүстік Африка Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі барды

ҚР, Кейтуметси Сейпело Тандека Мэтьюз.

Спикер "BRICS: жаңа геосаяси шындық"тақырыбында қонақ дәріс оқыды.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысқан іс-шара барысында Қазақстанның BRICS бірлестігіне қатысушы мемлекет ретінде кіру перспективалары қаралды.

Сонымен қатар, AlU басшылығымен кездесу барысында университет базасында BRICS орталығын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, бұл осы ұйымның Қазақстандағы қызметі мен мүмкіндіктерін пәндік зерттеу саласындағы маңызды қадам болып табылады.

Сонымен қатар, тыңдаушылар Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде мәдениетаралық байыту әлеуеті, ғылыми-білім беру ынтымақтастығы және ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика және туризм сияқты салалардағы өзара іс-қимыл перспективалары туралы қызығушылықпен білді.


379