«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Астана қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалымен шарт жасалды.

2024 ж. 28 ақп., ср, 04:00

2024 жылғы 28 ақпанда Астана халықаралық университеті және «Өрлеу «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Астана қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Тараптар өзара ынтымақтастықтың мынадай бағыттарын айқындады:

-тараптар өкілдерінің мектепке дейінгі және орта білім беру саласында жинақталған білім мен тәжірибе алмасу үшін ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, вебинарларға, инновациялық платформаларға, шеберлік сыныптарына, тренингтерге қатысуы арқылы педагогтердің құзыреттілігін арттыру;

- студенттер мен оқытушыларды тарта отырып, білім беру саласындағы қазіргі қоғамның жаһандық трендтері мен сұраныстарына сәйкес келетін бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, талдамалар жасау;

- өзін-өзі дамытуға және рефлексиялық практиканы ұйымдастыруға және зерттеу мәдениетін арттыруға және т. б. бағытталған болашақ мамандардың педагогикалық практикасын жақсарту үшін әдістемелік талдамалар әзірлеу.


538