2023-2024 оқу жылында Астана халықаралық университеті мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

2024 ж. 9 ақп., жм, 05:50

2023-2024 оқу жылында Астана халықаралық университеті мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде алғаш рет университеттер арасында студенттердің академиялық алмасуы жүзеге асырылды. Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде VSHEN 2 курс студенттері Әсем Исергепова (Экология және қоршаған ортаны қорғау) мен Алина Әбілова (биология) білім алуда. Ал қостанайлық эколог студенттер Карина Доценко мен Наталья Яблонская АМУ-де экология және қоршаған ортаны басқару мамандығы бойынша білім алуда.


623