Біртұтас тәрбие бағдарламасы

2024 ж. 7 ақп., ср, 01:17

Педагогикалық институт ағымдағы жылдың 7 ақпанында 2-курс студенттеріне арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» атты әдістемелік семинар ұйымдастырды. Семинар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасын түсіндіруге бағытталды.

Әдістемелік семинар спикерлері Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдары және мамандары Қаратабанов Руслан Әділханович, Танирбергенова Анар Шынболатовна, Мағауия Айжан Мағауияновна 2-курс студенттерін аталған бағдарламаның негізгі идеяларымен таныстырды. Құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» студенттер тарапынан қызығушылық тудырды.


668