PHD ТАЛҒАТ МОЛДАБАЙҰЛЫ СОЛТҮСТІК МАКЕДОНИЯДА БОЛҒАН СИМПОЗИУМДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

2023 ж. 10 жел., жс, 09:01

Доцент, PhD докторы, Астана халықаралық университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушысы Талғат Молдабай халықаралық MaTüSiteb және TIKA ұйымдарының шақыруымен Македония Республикасының астанасы Скопье қаласына барды🇲🇰

Кездесу аясында «Азиядан Балқанға дейінгі түрік тілі мен мәдениеті» атты негізгі тақырыпта өткен симпозиумға қатысты. Сондай-ақ пленарлық отырыста «Түркілердің жазба мәдениеті» тақырыбында баяндама жасаған Молдабай Т. Баяндама қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, оқытушымыз өз кезегінде бірнеше жоғары оқу орындарынан дәріс оқуға ұсыныс алды.

Келесі күні доцент Скопьедегі Әулие Кирилл мен Мефодий университетінің филология факультетінде «Ежелгі түрік жазуы» тақырыбында дәріс оқып, Астана халықаралық университетінің еңбектерімен таныстырды.


301