СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА «ҮЗДІК АУДАРМАШЫ - 2023» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

2023 ж. 2 қар., бс, 10:30

2 қараша күні Жоғары мектебімізде студенттер арасында «Үздік аудармашы – 2023» олимпиадасы өтті. Шараға 2-4 сыныптың озық оқушылары қатысты.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды:

1. Жазбаша аударма – Абайдың жетінші сөзін қазақ/орыс тілінен ағылшын тіліне аудару;

2. Синхронды аударма – Стив Джобстың мотивациялық бейнебаянының аудармасы.

«Аударма ісі» мамандығының білікті оқытушылары қазылар алқасының төрешісі болды. Шара соңында студенттер дипломдармен, сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.


352