ДЖОЗЕФ ШЕЙХТЫҢ TESOL ТУРАЛЫ ДӘРІСІ ӨТТІ

2023 ж. 31 қаз., сс, 06:05

2023 жылдың 31 қазанында Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттері «TESOL артықшылықтары мен мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың қонағы – Prime plus Education Ұлыбританияның өкілі және Қазақстандағы корпоративтік оқыту жөніндегі директоры Джозеф Шейх болды. Ағылшын тілін үйрену және оқыту саласындағы өзінің мол тәжірибесі мен білімімен бөлісті.

Семинар барысында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға баяндамашы жан-жақты жауап берді.

Нәтижесінде семинарға қатысушылар алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта оқу семинарлары мен тренингтер өткізуге өтініш білдірді.


310