РЕСЕЙ ДИПЛОМАТТАРЫ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

2023 ж. 30 қаз., дс, 09:00

2023 жылғы 30 қазанда Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының профессоры Владимир Алексеевич Аватков пен РУДН университетінің Стратегиялық зерттеулер және болжамдар институтының директоры Дмитрий Александрович Егорченков Астана қаласының Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебіне барды. Халықаралық университетінде студенттерге «Қазіргі кезеңдегі Түркия Республикасының сыртқы саясаты» және «Посткеңестік кеңістіктегі мәдени жанашырлық» тақырыптарында дәрістер оқыды.

Халықаралық сарапшылардың дәрістері студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Профессорлар халықаралық қатынастарды тиімді талдау және болжау бойынша теориялық және практикалық білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті.


328