NOBEL FEST" ҒЫЛЫМИ СИМПОЗИУМЫНДА СТУДЕНТТЕР ҚҰНДЫ ТӘЖІРИБЕ АЛДЫ

2023 ж. 6 қаз., жм, 10:30

2023 жылғы 5-6 қазан аралығында Астанадағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде жыл сайынғы «Nobel Fest» ғылыми симпозиумы өтті.

Шараға Нобель сыйлығының лауреаттары мен әлемнің көрнекті ғалымдары қатысты.


Шараны ұйымдастыруға халықаралық қатынастар мамандығының студенттері үлкен үлес қосты.

Фестиваль Нобель сыйлығының лауреаттарының қатысуымен лекциялар мен пікірталастарды, түрлі ғылыми тақырыптар бойынша сессиялар мен озық ғылыми зерттеулердің тұсаукесерін қамтыды.


Осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға қатысу біздің студенттерге заманауи әлемнің ғылыми жаңалықтары мен инновациялары саласындағы кәсіби дағдылармен қатар құнды тәжірибе берді.


254