ПРОФЕССОР, САЯСИ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ - ЕРМЕКБАЕВ НҰРЛАН БАЙҰЗАҚҰЛЫНЫҢ ДӘРІСІ

2023 ж. 2 қаз., дс, 08:30

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі «Қытайдың сыртқы саяси бастамалары және олардың әлемдегі жағдайға әсері» тақырыбында ашық дәріс ұйымдастырды.


Дәрістің шақырылған қонағы және негізгі баяндамашысы профессор, саяси ғылымдарының докторы – Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы болды.


Дәрісте Қытайдың сыртқы саяси бастамалары, сондай-ақ бұл бастамалардың әлемдік аренаға әсері егжей-тегжейлі қарастырылады. Сондай-ақ спикер дипломатия саласындағы өзінің мол тәжірибесі мен практикалық қызметі туралы білімімен бөлісті.


215