ТАДЕУШ ЕДРЗЕЙЧАКТЫҢ ГЕОСАЯСИ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ ҚОНАҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

2023 ж. 15 қыр., жм, 09:01

15 қыркүйекте Астана халықаралық университетінің қабырғасында Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі аясында ұйымдастырылған «ЕО аймақтарының әлемдік саясаттағы рөлі» тақырыбында қонақтық дәріс өтті. Шақырылған қонақ және спикер Тадеуш Еджейчак, поляк дипломаты, саясаттанушы, Любус воеводасының вице-маршалы және ЕО INTERREG комитетінің төрағасы болды.

Бұл дәрісте Еуропалық Одақтың халықаралық аренадағы рөлін нығайту жолында кездесетін геостратегиялық мүдделері мен геосаяси қиындықтары жан-жақты ашылды. Сондай-ақ Еуропалық Одақтың аймақтық интеграциясы мәселелері талқыланды, бұл қазіргі жағдай үшін өте өзекті.

Дәріс тыңдаушылар үшін ерекше қызықты болды.


280