«Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры аз уақыт аралығында халқымыздың бай фольклорының жаухар үлгілерін жинақтап, еліміздің ғылыми қауымдастығы мен көпшілікке арналған оқу құралдарын шығарып үлгерді. Сонымен қатар, әлемдік деңгейде аса жоғары қызығушылыққа ие болған академиялық еңбектер қор тарапынан қазақ тіліне аударылып, жарыққа шығуы қазақстандық жұртшылық тарапынан зор қолдауға ие болып келеді. Атап айтқанда, 2013 ж. «Әлдиден эпосқа дейін», 2014 ж. «Салт-дәстүр сөйлейді», 2015 ж. «Сияр шәріп», 2016 ж. «Логотерапия», 2017 ж. «Яссауи феномені», 2018 ж. «Өмірге ғашық болу», «Махабаттың мәні», «Өркениетті адам», 2019 ж. «Мың сұрақ», «Әділ патша» сынды көптеген еңбектер бар.
Сондай-ақ, қоғамдық қор түрлі деңгейлі мемлекеттік ұйымдармен бірлесе отырып, еліміздің көптеген өңірлерінде оқу-ағарту, ұйымдастырушылық шаралар атқарып келеді. Алматы қаласы бойынша «Ана үйі» қоғамдық қорымен жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Махаббаттың мәні» кітабы бойынша лекциялар оқытылып жатыр. Бұл кітаптағашықтық, құмарлық, еркіндік, жауапкершілік, махаббат феномендері экзистенция әдісімен талданған. Авторлар қазіргі қазақ қоғамындағы отбасы проблемасының түпнегізін жан жақты талдап көрсетеді.
Қазақстан күйіп тұрған мәселенің бірі «Ана мен бала» мәселесі. Еуропада ажырасу фактілерін төмендету үшін экзистенциализм философиясы, логотерапия ғылымы кең қолданылады. Кеңестік кезеңде Логотерапия ғылымы белгілі саяси себептермен кіргізілмегендіктен, посткеңестік елдерде бұл практика қолданыста жоқ. Қоғамдық қор сол олқылықтың орнын толтырмақ.
2018 жылдың 22-23 қараша күндері Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастырумен «ӨМІРГЕ ҒАШЫҚ БОЛУ» атты жастар арасында өз - өзіне қол жұмсаудың алдын-алу бағыты бойынша оқу – тәжірибелік семинары өткізілді. Семинарды «Отбасы Хрестоматиясы» қоғамдық қорының сарапшысы, психолог, «Онтология. Бала тәрбиесіндегі экзистенция анализінің рөлі» жобасының авторы Мырзабаев Сейілбек Саттарұлы жүргізді. Семинарға 68 маман қатысты. Қатысушылардың құрамында облыстық психолог, педагог мамандар болды. 2019 жылдың 7-8 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: сананың ашықтығы» қысқамерзімді курсында семинар-тренингті Мырзабаев Сейлбек Саттарұлы жүргізді.