2021 жылдың 27 сәуірінде Жоғары өнер және дизайн мектебі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Объективті: Қазіргі Қазақстан» қашықтан онлайн фотобайқауын өткізді, онда әртүрлі мамандықтар, колледждер студенттері және мектептер қатысты. 70-тен астам фотосуреттер алынды.
Мақсаты: Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени мұрасы мәселелеріне назар аудару, фотосурет өнері арқылы отансүйгіштікке, қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Байқау қазылар алқасының жұмысының қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары 1,2,3 дәрежелі Дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
1 орын: Құдайбергенов Батырбек – АИУ Жоғары білім мектебінің 2 курс студенті
2 орын: Муратов Адлер – АИУ Жоғары өнер және дизайн мектебінің 3 курс студенті
3 орын: Бөкебаев Санжар – Нұр-Сұлтан қаласы №85 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.
Кейбір қатысушылар сертификат алды.
Құттықтаймыз!