TSE өнер бағыты

2021 ж. 16 қаз., сб, 08:53

15 қазан Елордадағы TSE арт-дестинация галереясының 3 курс студенттері (Графикалық дизайн мамандығы) итальяндық фотографтар Роберто Конте мен Стефано Перегоның «Алматыдағы кеңестік модернизм» көрмесімен танысты. Авторлар ХХ ғасырдағы сәулет өнеріне деген қызығушылықтарымен және Еуропа мен Орталық Азияның көптеген елдеріне жасаған сапарларында түсірілген және Еуропаның беделді баспалары басып шығарған әдемі фотосуреттерімен өте танымал.

Галерея директоры Сағиев Бауыржан бізге көрме бойынша қызықты экскурсия жүргізді. Ол көрмеге енгізілген және итальяндық суретшілердің Алматыға сапары кезінде жасалған жұмыстарға тоқталды. Біздің студенттер үшін Р.Конт пен С.Перегоның туындылары сәулеттік пішіннің, жарық пен көлеңкенің сезімтал эстетикасымен, фотокадрда жоғары көркемдікпен берілгенімен қызықты.

Галереяда өте құнды және сирек кездесетін көркем кітаптары бар тамаша кітапхана бар. Бізді оларды пайдалануға және TSE арт-дестинация галереясы концептуалдылығымен танымал көрме жобаларының тұрақты келушілері болуға шақырды.


838