Жоғары өнер және дизайн мектебінде «БІЗ салауатты өмір салты үшін» атты плакаттар көрмесі өтті.

2021 ж. 13 жел., дс, 04:12

2021 жылдың 24 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Жоғары өнер және дизайн мектебінде «БІЗ салауатты өмір салты үшін» атты плакаттар көрмесі ұйымдастырылды.


Көрменің мақсаты мен міндеті студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болды. Оқушылардың әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық әлеуетін дамыту. Жас таланттарды анықтау, қолдау және ынталандыру. Есірткіге қарсы дүниетанымын қалыптастыру.


Тақырып бойынша әркім өз пікірін білдіруге құқылы болды.


Баршаңызға қатысқаныңыз үшін рахмет!


955