«Дизайн» мамандығының студенттері Астана халықаралық университетінің №1 ғимаратында студенттерге арналған коворкинг алаңын жобалады.
Коворкинг ағылшын тілінен аударғанда «бірлескен жұмыс» дегенді білдіреді. Коворкинг идеясы фрилансингтің дамуымен бірге пайда болды, өйткені оның негізгі кемшілігі жұмыс орнының, команданың және жалпы «жұмыс» атмосферасының болмауы. Коворкинг осы мәселелердің барлығын шеше алады. Мәселен, мысалы, сәулетші студент дизайнермен, фотографпен немесе суретшімен бір бөлмеде отыра алады, бұл жағдайда өнімділік пен жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жұмыс ортасы пайда болады.