Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университеті (TUSUR) және Астана халықаралық университеті IT-білім беру саласында қос дипломды магистратура бағдарламасына білім гранттарын ұсынады.

2022 ж. 28 шіл., бс, 11:37

Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университеті (TUSUR) және Астана халықаралық университеті IT-білім беру саласында қос дипломды магистратура бағдарламасына білім гранттарын ұсынады.

Дайындық бағыты: 7М061 "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"

Білім беру бағдарламасы: 7М06102 ІТ менеджмент


Tomsk State University of control Systems and Radioelectronics-Ресейдегі ең үздік 40 оқу орнының қатарына кіретін университет. Оқу орны әлемдегі ең жақсы университеттердің бес пайызына кіреді және Ресей Федерациясының жаңа идеяларын, технологиялары мен бизнес-жобаларын құрудың үздіксіз жүйесін құруға бағытталған инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруда көшбасшы болып табылады. ТУСУР 1962 жылы құрылған.

Бағдарлама бизнесте, мемлекеттік секторда IT - шешімдерді әзірлеу және енгізу кезінде заманауи цифрлық технологияларды басқару саласындағы магистрлерді дайындайды. 

Бағдарлама түлегі IT-ортаның техникалық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар оның қаржылық, экономикалық, басқарушылық салаларымен өзара әрекеттесу мәселелерін де қарастырады:.  


Кеңес беру және тіркеу телефоны: 8(747) 1700311

Гранттарға өтініш беру мерзімі 03.08.2022 дейін.


1142