Жоғары өнер және дизайн мектебінің оқытушысы Сержан Мұратұлы Баширов 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ашылған «ART EXPO» халықаралық көрмесіне қатысты. Оған Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстан және Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
«ART EXPO» – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы ынтымақтастықты дамытуға, жалпы гуманистік құндылықтарды, оның ішінде этносаралық келісімді, басқа халықтардың мәдениетіне, тілдеріне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды тарату үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ, өзара қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған кешенді іс-шара. жастар арасындағы руханиятты, отансүйгіштік пен азаматтықты, халықаралық мәдени институттармен шығармашылық байланыс пен ынтымақтастықты дамыту.
Қазақстан павильонында сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтары өтті. Белгілі суретші, Қазақстандағы және дүниежүзі елдеріндегі көрмелердің бірнеше рет қатысушысы Сержан Мұратұлы Баширов зергерлік бұйымдарды жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді және