«Дизайн» мамандығы бойынша 2022 жылғы түлектерге арналған дипломдық жобалардың Республикалық on-line шолу-байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз.

2023 ж. 21 ақп., сс, 05:59

Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында өтті.


Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленді:


Құрмашева Динара Қайыржанқызы – «Графикалық дизайн» номинациясы бойынша 2 орын


Ғылыми жетекшісі – Мұхамедиева Самал Қоңыртайқызы


Жоба тақырыбы: «Шұғыла» балалар лагерінің корпоративтік тұлғасын дамыту.


Какимова Дина Есенгелдіқызы – «Сәулеттік дизайн» номинациясы бойынша 3 орын


Ғылыми жетекшісі – Хоровецкая Евгания Михайловна


Жоба тақырыбы: Әмбебап көп функционалды модульді әзірлей отырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы LRT бағытын жаңғыртудың тұжырымдамалық жобасы


Байқауға Қазақстан бойынша барлығы 10 жоғары оқу орны қатысып, 43 бітіру жұмысы ұсынылды.


Республикалық байқау жеңімпаздарының жұмыстары Еуразия сәулет, құрылыс және дизайн мектептерінің халықаралық фестиваліне жіберіледі.


Сізге одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!


Мәтін: Мұхамедиева Самал Қоңыртайқызы


601