АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2024 ж. 5 ақп., дс, 12:33

2024 жылдың 2 ақпанында Астана Халықаралық университетінде «Сайлау әркімнің өз таңдауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сайлау күніне арналған іс-шара биыл 1-ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күніне арналған. Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі 2005 жылы Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың III жаһандық конференциясында бекітілді және жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісіне сәйкес келеді. Конференцияның шешімі сайлауды ұйымдастырушылар жұмысының маңыздылығын мойындаудың жаңа перспективаларын ашты және оны Біріккен Ұлттар Ұйымының демократия Қоры қолдады. Құрылтайшылардың ойынша, бұл күні барлық назар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселелеріне аударылуы керек.

Іс-шараның мақсаты – болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, жастардың бойында сайлау құқықтарын саналы түрде іске асыру үшін қажетті білім, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясы өкілдері, Астана халықаралық университеті құқық жоғары мектебінің басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы және докторанттар мен студенттер қатысты.

Астана Халықаралық университетінің құқық жоғары мектебі деканының орынбасары Сеилханов Жанат Дүйсенбайұлы кіріспе сөз сөйледі. 

Іс-шараның модераторы Құқық жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры з.ғ.к., Ләззат Қапасқызы Түсіпова болды.

Дөңгелек үстел барысында құқық жоғары мектебінің аға оқытушысы Ф.М. Абугалиева «ҚР азаматтарының сайлау құқығын жүзеге асыруға құқылы ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.


Сонымен қатар «Развитие избирательной системы в РК» тақырыбында құқық жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Л.К. Амандықова баяндама жасады.

Іс-шара барысында құқық жоғары мектебінің доценті Е.С. Жамбаев «Особенности проведения выборов с использованием электронной избирательной системы в РК» атты тақырыпта баяндама жасады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде құқық жоғары мектебінің докторанты С.Г. Қожахметова, «Правовые основы применения демократических методов (выборы, референдум)» тақырыбында өз баяндамасын ұсынды.

Дөңгелек үстел аясында құқық жоғары мектебінің студенттері арасынан құрылған үш команда арасында іс-шара тақырыбы бойынша іскерлік ойын өткізілді. Командалар азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы және шетелдік озық тәжірибені ескере отырып, осы саладағы заңнаманы жетілдіру туралы сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Астана халықаралық университеті құқық жоғары мектебі және Астана қаласы, Есіл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.



1536