❗️20 шілде- мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау соңғы күні.⠀⠀
⠀⠀
🔹Құжаттарды қабылдау университетіміздің ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ арқылы жүзеге асырылады.⠀⠀
🔹Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін виртуалдық қабылдау комиссиясы талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, құжаттар қабылдайды.⠀⠀
⠀⠀
☑️Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет:⠀⠀
▪️жеке куәлік;⠀⠀
▪️ҰБТ сертификаты;⠀⠀
▪️3х4 көлеміндегі фото;⠀⠀
▪️орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);⠀⠀
▪️№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;⠀⠀
▪️ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;⠀⠀
▪️жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.⠀⠀
⠀⠀
📌Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.⠀⠀
📌ЖОО коды 185.⠀⠀
📌 Мақсатты «Атырау-Маңғыстау» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін университетімізді белгілеңіз.⠀⠀