ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ.

2024 ж. 12 қаң., жм, 10:57

2023 жылғы 25 желтоқсанда біздің университетке Иранның Қазақстандағы өкілдері келді. Бұл кездесудің нәтижесі университет президенті С.А. Ирсалиев пен Али кеңесшісі Акбар Талеби Матин арасында жасалған "Астана "халықаралық университеті мен Иран Ислам Республикасының ҚР-дағы өкілдігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға" қол қойылды. 

📌Осы Келісімнің мақсаты білім беру және ғылыми–зерттеу жұмыстары саласындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту болып табылады.

📌 Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

- бірлескен білім беру бағдарламалары, жобалар мен тренингтер;

- мамандандыру және кадрлардың біліктілігін арттыру;

- оқыту сипатындағы іс - шараларды өткізу үшін ғалымдар мен оқытушылармен алмасу;

- дайындық бағыттары бойынша практикаларды, тағылымдамалар мен академиялық алмасуларды, магистранттар мен докторанттарды ұйымдастыру: 

1. "Халықаралық қатынастар";

2. "Тарих";

3. "Аударма және аударматану";

4. "Психология".


1026