Astana International University-де Informascope аймақтық басшысы, Elsevier компаниясының Орталық Азиядағы өкілі Ерханов Бақдәулет Әсілханұлымен

2024 ж. 9 қаң., сс, 09:55

Astana International University-де Informascope аймақтық басшысы, Elsevier компаниясының Орталық Азиядағы өкілі Ерханов Бақдәулет Әсілханұлымен, AIU Бірінші вице-президенті Анар Мырзағалиевамен, Ғылым департаментінің директоры, жоғары мектеп декандары және пединститут директорымен ақпараттық кездесу өтті. Кездесуде ғылыми білім мен зерттеулердің көптеген бағыттары бойынша Elsevier портфолиосындағы ең жақсы журналдармен жұмыс істеу перспективалары талқыланды. 

Бақдәулет Ерханов AIU басшылығына ғылымға мамандандырылған жаһандық ақпараттық-талдау корпорациясы ретінде әрекет ететін, әлемдік Elsevier баспасы туралы презентация ұсынды.

Кездесу барысында Elsevier-дің 6 негізгі кезеңі талқыланды:

• ғылыми стратегия,

• сараптама және ынтымақтастық,

• ғылыми зерттеулерді қаржыландыру,

• зерттеу,

• зерттеулерді басқару,

• зерттеулердің әсері.

Тараптар ғылыми әдебиеттерді оқу негізінде профессорлардың, жас ғалымдардың, докторанттар мен оқытушылардың жариялау белсенділігін арттыру мақсатында, кездесудің жақын арада AIU профессорлық-оқытушылар құрамы үшін ғылыми семинарлар, вебинарлар және тренингтер түрінде жалғасатынына өзара келісті.


741