Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің аға оқытушысы Назырова Айжан Есболқызы Польшадағы Lublin University of Technology ғылыми тағылымдамадан өтті.

2023 ж. 4 жел., дс, 10:35

Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің аға оқытушысы Назырова Айжан Есболқызы Польшадағы Lublin University of Technology-да ғылыми тағылымдамасын сәтті аяқтады. Ағымдағы жылдың 27 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында ол информатика кафедрасының төрағасы, ғылым докторы, профессор Магек Miłosz - пен бірлесіп, диссертациялық жұмысының келесі кезеңдерін нәтижелі талқылау мен жоспарлауды жүргізді.

Тағылымдама барысында оқытушы университеттің академиялық өміріне белсенді қатысып, әріптестерімен және студенттерімен тәжірибе алмасты. Lublin University of Technology ақпараттық технологиялар және инженерия саласындағы мамандануы осы саладағы өзекті тақырыптарды талқылау үшін тамаша платформа құрды.

Тағылымдама барысында қарастырылған негізгі бағыттар информатикадағы заманауи тенденцияларға, деректерді талдауға, жасанды интеллектке және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге қатысты тақырыптарды қамтыды. Информатика саласындағы жетекші маман болып табылатын профессор Магек Miłosz аға оқытушы Назырованың диссертациялық жұмысының алдағы жоспарларын талқылауға маңызды үлес қосты.



229