Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің докторанттары Новосібір мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті

2023 ж. 8 жел., жм, 09:50

Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының докторанттары  Бахадирова Г.Б., Аманова Ф.Ж. және Ержанов А.Е. 2023 жылдың  06 қараша мен 06 желтоқсан аралығында Новосібір мемлекеттік техникалық университетінде профессорлар А. А. Аледтинова, М. А. Бакаевтың жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтті.

        Докторанттар профессорлар Аледтинова А. А., Бакаев М. А. жетекшілігімен ғылыми кеңесшілермен, Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен  танысып,  өздеріне бекітілген диссертациялық тақырыпта кеңес алу мен талқылаулар өткізді.

        Тағылымдама барысында докторанттар университеттің кітапхана қорларымен және Ресей Ғылым академиясының Сібір филиалының мемлекеттік қоғамдық ғылыми-техникалық кітапханасымен  танысып, талдау жасады. Сондай-ақ докторанттар ғылыми іс-шараларға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге белсенді қатысып, профессорлар А.А. Аледтинова, М. А. Бакаевтың дәрістеріне қатысты.




327