ЭЖМ-ДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖӘНЕ "ШАҚЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР" БАҒДАРЛАМАСЫ

2022 ж. 12 шіл., сс, 03:51

2022 жылдың көктемгі семестрінде Экономика жоғары мектебінде серіктес жоғары оқу орындарымен бірге ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылды.

ЭЖМ оқытушылары С. Торайғыров университеті, Инновациялық Еуразия университетІ (Павлодар қ.) және Орталық Азия Инновациялық университетінің (Шымкент қ.) магистранттары мен студенттеріне сабақ өткізді.

Серіктес ЖОО оқытушылары э.ғ. к., проф. Кадырова А. С., PhD, доцент Бекниязова Д. С., PhD, проф. Солтангазинов А. Р., э. ғ. к., аға оқытушы Құдайбергенова З. У. біздің студенттерге дәріс оқыды.

Ағылшын тілінде "Шақырылған профессор" бағдарламасы бойынша профессор Давид Апциаури (Грузия) "Major trends in Development of Modern Global Economy and importance of risk prevention" авторлық курсын  өткізді. Бұл білім мен тәжірибе алмасқан қызықты курс болды. Біз Астана Халықаралық университетімізде студенттерге жаңа бағдарламалар мен мүмкіндіктер ұсынуға әрдайым даярмыз.


1272