"ӨРЕЛІ ҰРПАҚ" ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК МЕКТЕБІ

2022 ж. 11 шіл., дс, 12:48

Астана Халықаралық университетінің әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде әлеуметтік кәсіпкерлік негіздерін ҮЕҰ өкілдерінің бірінші легіне оқыту басталды.

Бірінші лектің бизнес-жаттықтырушысы Жақсыбаева Гүлнар – "Новое время" ЖМ директоры, "Азаматтық бастамалар орталығы" ҚБ, "Атамекен" ҰКП, ICBT Халықаралық бизнес-жаттықтырушылар мектебі, International Coaches Union (ICU) коуч, дизайн-ойлау орталығының сертификатталған жаттықтырушысы болып табылады.

Қазақ тілінде білім алушылардың екінші легі 2022 жылдың 19 шілдесінде басталады. Екінші лектің бизнес-жаттықтырушысы Арман Ақбердиев – "ADS Business Group" компаниясының негізін қалаушы, "Азаматтық бастамалар орталығы"ҚБ, ҚР Ғылым қоры, "Атамекен" ҰКП және "Даму" қорының бизнес-жаттықтырушысы.

Бағдарлама әлеуметтік кәсіпкерліктің құқықтық негіздерін, әлеуметтік жоба басқаруды, әлеуметтік бизнестің қаржылық тұрақтылығын, әлеуметтік бизнестегі көшбасшылықты, әлеуметтік бизнес жүргізуді (жобалық жұмыс) зерделеуді қамтиды. Жобаның барлық қатысушысына әлеуметтік идеяларды сәтті іске асыруына тілекшіміз!


1081