Ағымдағы жылдың 17 қарашасы Университет (AIU) базасында Кореядан келген серіктес университет өкілдерімен (Вусун университеті) кездесу өтті. Корей тарапынан: Ким Тэ Хан, Вусун қорының атқарушы директоры, Дин Ли Тэк, халықаралық мектептердің атқарушы деканы және профессор Йонг Хва Джонг қатысты.

2023 ж. 4 жел., дс, 01:26

Ағымдағы жылдың 17 қарашасы Университет (AIU) базасында Кореядан келген серіктес университет өкілдерімен (Вусун университеті) кездесу өтті. Корей тарапынан: Ким Тэ Хан, Вусун қорының атқарушы директоры, Дин Ли Тэк, халықаралық мектептердің атқарушы деканы және профессор Йонг Хва Джонг қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы ынтымақтастықтың одан әрі перспективаларын талқылау болды. Жоғары технологиялардың, цифрландырудың және жасанды интеллекттің (AI) қарқынды дамуы жағдайында тараптар осы бағыттардағы бірлескен жобаларға ортақ қызығушылық танытты. Онлайн білім берудің өзектілігін ескере отырып, жаңа білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізу жолдары талқыланды.

WU негізгі жобаларының бірі 2+2 форматы болып табылады, ол студенттерге WU-да екі жыл онлайн оқуды, одан кейін таңдалған серіктес университетте екі жыл оқуды ұсынады. Серіктес университеттер Латын Америкасы, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінің университеттері болады. Шетелдік студенттер жоғарыда аталған елдердің университеттерінде оффлайн режимінде оқуды таңдап, қос диплом иегері атана алады. Бұл әдіс студенттерге халықаралық ортада барынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Екі тарап арасында талқыланып жатқан бағдарламаларға менеджмент және технология, туризм және қонақжайлылық, аспаздық өнер және жасанды интеллект кіреді. Кореядан келген университет қашықтықтан білім беру саласында өз технологияларына ие және жоғарыда аталған аймақтарда білім беру хабтарын құруды мақсат етеді. Олар Қазақстанның астанасын білім беру және ғылыми хаб ретінде таңдап, университетімізге аймақтағы басты серіктес болуды ұсынады.

Айта кету керек, екі университет арасында бұрын қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында АИУ студенттері 2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың қаңтарына дейін Кореяда академиялық ұтқырлықтан өтуде. Бұл қадам екі елдің студенттері үшін білім беру және мәдени алмасу салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады.


743