Біздің университетімізде MNU профессоры Индира Мұратқызы Ақылбаеваның «Педагогикадағы гуманизм және білімге ұмтылыс» тақырыбында дәрісі өтті. Дәріскер ұлағатты ұстаз Ыбырай Алтынсариннің білім беру жүйесіндегі гуманизмге деген көзқарастары туралы терең ой қозғай отырып, оның идеяларын айтты. Баяндамашы қазіргі педагогикада гуманизмді дамытудың маңыздылығын қарастырды. Адалдық, әділдік, белсенді қоғамдық ұстаным, патриотизм, адамгершілік қасиеттер және білімге құштар адам басты құндылық болып табылатыны туралы ой қозғады. Индира Мұратқызы өзінің ғылыми-зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, жиналғандардың барлығын жастарға білім мен тәрбие беруде жаңа жолдарды табуға шақырды. Педагогикалық институттың оқытушылары Алиева А.Я., Кажигалиева А.Б., Казиев А.Б. ұйымдастырған дәріс студенттердің қоғамда белсенді дамуына ықпал ететін нағыз мотивация болды.